457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Батуттағы гимнастикадан әлем чемпионаты: қазақстандық спортшылар жүлдеден тыс қалды

Әйелдер арасында өткен сайыста Виктория Бутолина 39-орынға тұрақтап, бастапқы кезеңнен өте алмады.

Батуттағы гимнастикадан Испанияның Памплона қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекелей сынның алғашқы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz

Ерлер арасында өткен сайыста Қазақстан құрамасынан ең үздік нәтиже көрсеткен Данил Мусабаев болды. Ол 59.080 ұпай жинап, 32-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, ол екінші кезеңге өте алған жоқ. Қазақстандық үшінші қосалқы спортшы ретінде тіркелді.

Никита Тумаков – 37-орында, Роман Барков – 38-орында, ал Ерлан Тасмағамбетов – 68-орында аяқтады.

Әйелдер арасында өткен сайыста Виктория Бутолина 39-орынға тұрақтап, бастапқы кезеңнен өте алмады.

Қазақстан батуттағы гимнастикадан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатын кеще бастаған болатын. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі