457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бангкоктағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына 16 медаль түсті

Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.

Жүзуден Таиландтың Бангкок қаласында өткен жас санатындағы Азия чемпионатының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың соңғы күнінде Анатолий Руденконың құрметіне Қазақстанның әнұраны шырқалды. Ол 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ Александр Мироничев 50 метрге еркін стильде жүзуден күміс жүлдеге ие болса, Данил Чужинов 400 метрге кешенді жүзуде қола медаль еншіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасы өте жоғары бәсекеде өткен аралас эстафетада (микст) күміс жүлдені жеңіп алды.
Жалпы, Қазақстан жүзушілері Азия чемпионатын 16 медальмен аяқтады. Оның ішінде 6 алтын, 7 күміс және 3 қола жүлде бар.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы