457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Байдарка мен каноэде ескек есуден Азия біріншілігіне қатысатын ұлттық құрама спортшылары анықталды

Аталған құрлық чемпионатында U18 санатындағы спортшылар да бақ сынайды.

Байдарка мен каноэде ескек есуден Түркістанда өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz

3-7 маусым аралығында өтетін сары құрлық додасында өнер көрсететін ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.

Байдаркада ескек есуден Дінмұхамед Шынқожаев, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Михаил Затолокка, Дмитрий Ладюков, Эдуард Ярлыков, Глеб Ударцев, Анатолий Русаков, Евгений Русаков және Стелла Суханова сынға түседі. 

Ал каноэде ескек есуден Сұлтан Шарапиев, Полат Төребеков, Владислав Руденко, Юрий Горобов, Татьяна Гладкова, Валентина Трапезникова, Елизавета Масякина, Мария Бровкова, Мария Карманова, Ульяна Киселёва және Руфина Искаковаға сенім артылып отыр.

Айта кетейік, Азия чемпионатында U18 санатындағы спортшылар да бақ сынайды.

Фото: ҰОК