17-21 желтоқсан аралығында Астанада бадминтоннан ірі халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Қазақстан бадминтон федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жарысқа 43 елдің спортшылары қатысады.
Турнирде жекелей, жұптық және аралас разрядтар бойынша жүлделер сарапқа салынады. Ел намысын Дмитрий Панарин бастаған Қазақстан құрамасы қорғайды.
Astana International Challenge 2025 турнирі Beeline Arena спорт кешенінде өтеді.
Фото: ҰОК