Бадминтон: Қазақстан құрамасы Армениядағы турнирде 5 медаль жеңіп алды
Қазақстанның бадминтоннан жасөспірімдер құрамасы Арменияның Ереван қаласында өткен European Youth Gran Prix халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста қазақстандықтар жалпы есепте 5 медаль иеленді.
Жекелей сында Арслан Орманов чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алды. Ал Вероника Моисеенко күміс жүлдеге қол жеткізді.
Моисеенко жұптық сында да жүлдегерлер қатарынан көрініп, екінші орын иеленді. Бұл бағдарламада Арслан Орманов қола медальға ие болды.
Аралас жұптар бәсекесінде Арслан Орманов пен Вероника Моисеенко қола жүлдені жеңіп алып, Қазақстан қоржынына тағы бір медаль қосты.
Осылайша, Ереванда өткен халықаралық турнирде қазақстандық жас спортшылар бес жүлдемен елге оралды.
Фото: ҰОК
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған