Азия ойындары: Қазақстан спортшылары екі алтын жүлдеге ие болды
Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Амелина Бакиева жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп жазады malimsports.kz.
50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңді.
Сондай-ақ, ММА бойынша Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында екінші алтын медальға қол жеткізді. Бұл жолы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Санжар Картай чемпион атанды. Финалда қазақстандық спортшы бахрейндік Султанахмед Султанахмедовты жеңді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған