457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия ойындары: Отандық жас дзюдошылар 2 алтынға ие болды

Әділжан Нұрбекен мен Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Қазақстандық дзюдошы Әділжан Нұрбекен мен Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды malimsports.kz
Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Әділжан Нұрбекен ақтық сында Юсуф Замоновпен (Тәжікстан) белдесті. Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен қарсыласынын басым түсті. Осылайша ол Азия ойындарын алтын медальмен аяқтады.

Сондай-ақ, отандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева  52 келіге дейінгің финалында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, Аслан Ерғалиев (55 келі) күміс, Әдия Жанахмет (40 келі) және Інжу Сахабадин (44 келі) қола медальға қол жеткізді.  

Фото: ҚР дзюдо федерациясы