Азия ойындары: Бекасыл Асамбек еркін күрестен чемпион атанды
Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті.
Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Сәния Сұлтанғали 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол жапониялық Нана Козукамен күш сынасты. Белдесудің қорытындысы бойынша жапониялық балуан 10:0 есебімен жеңіске жетті.
Еркін күрестен Қазақстан жасөспірімдер құрамасының өкілі Нұртай Наров та 71 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Нұртай қола жүлде үшін өткен белдесуде Нарантулга Энхбаатармен (Моңғолия) кездесті. Нәтижесінде қазақ балуаны 11-0 есебімен жеңіске жетті.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған