Маунтинбайктан Ташкентте (Өзбекстан) өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.
Жарыста Денис Сергиенко кросс-кантри олимпик (ХСО) дисциплинасында күміс жүлдегер атанса, Юлия Ли әйелдер арасында екі қола медаль иеленді.
Ұлттық құраманың бас бапкері Александр Дымовских жарысты қорытындылай келе, алда үлкен мақсат – Азия ойындары тұрғанын атап өтті.
«Басты мақсатымыз – Азия ойындарына сапалы дайындық. Бұл чемпионат біз үшін деңгейімізді бағалауға мүмкіндік берді», – деді бапкер.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Қазақстан чемпионатына қатысып, кейін Азия ойындарына дайындықты жалғастырады.
Фото: ҰОК