457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азия чемпионаты: Су добынан Қазақстан құрамасы ширек финалға шықты

Кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 18:00-де өтеді.

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Таиланд командасын 22:4 есебімен ойсырата ұтты. Бұл біздің спортшылардың қатарынан төртінші жеңісі. Құрама топтық кезеңді бірде-бір жеңіліссіз аяқтап, 12 ұпаймен В тобында үздік шығып, ширек финалға өтті.
Ширек финалда Қазақстан құрамасы А тобында төртінші орын алған Өзбекстан командасына қарсы ойнайды. Кездесу бүгін Астана уақытымен сағат 18:00-де өтеді.

Фото: Спортты дамыту дирекциясы