Әзірбайжан шыңдарын бағындырған түрік альпинисі әлемдік рекорд орнатты
Түркиялық альпинист Левент Коч соңғы үш жылда әлем бойынша ең көп шыңды бағындырған спортшы атанып, әлемдік рекорд иесі ретінде тарихқа енді, деп хабарлайды malimsports.kz.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің жазуынша, 46 жастағы спортшы 2023 жылы - 81, 2024 жылы - 101, ал өткен жылы - 70 шыңды бағындырған. Осы нәтижелердің арқасында ол әлемдік рейтингте үш жыл қатарынан көш басында тұр.
Левент Коч Әзірбайжан аумағындағы шыңдарға жасаған экспедицияларымен де кеңінен танымал. Осы уақыт аралығында ол еліміздегі Шахдаг шыңын бағындырды. Сонымен қатар альпинист Нахчыван Автономиялық Республикасындағы Хачадаг тауына да сәтті көтерілген.
Ол сондай-ақ Грузиядағы Казбек пен Ирандағы Демавенд сынды биік тауларға экспедициялар ұйымдастырғанын атап өтті.
«Әзірбайжан таулары мен үшін ерекше маңызға ие. Шахдаг пен Хачадаг шыңдарына шығу мен үшін айрықша тәжірибе болды», - деді Левент Коч.
Айта кетейік, альпинист Түркияның ең биік шыңдары - Агры, Сюпхан және Джило тауларын да бағындырған. Аладаглар тау жотасында бір жылдың ішінде 80-90 шыңға көтерілген. Ал 2024 жылы ол 101 шыңды бағындырып, өзінің жеке рекордын орнатты.
Фото: azertag.az
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған