Мәзір
Жаңалықтар

Ажар Салықова Ислам ойындарынының финалында жеңілді

Сабина Асқарқызы 152 қаралым
Ажар Салықова Ислам ойындарынының финалында жеңілді

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Салықова Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды malimsports.kz. 
Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Бұл санатта жекпе-жектер айналмалы жүйе бойынша өтті. Салықова алдымен БАӘ спортшысы Шамма Алькальбаниге жол берді, ал кейін Алжир елінің өкілі Омрани Фадияны ұтты.
Осылайша, Ажар Салықова жалпы есепте екінші орын алды.

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар