Атырауда Мұстафа Өзтүрік атындағы көше ашылды
Бүгін Атырау қаласы Балауса ықшамауданында қазақ таеквондосының негізін қалаушы Мұстафа Өзтүріктің атына көше атауы беріліп, ескерткіш тақтай орнатылды.
Салтанатты іс-шараға Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік пен інісі Өмер Тайжы Түркиядан арнайы келіп қатысты. Сонымен бірге жиында спорт ұйымдарының басшылары, ардагер спортшылар мен жаттықтырушылар және қала тұрғындары болды.
«Атажұртқа келгенімізге қуаныштымыз. Ағамның атындағы көшенің ашылуына атсалысқан барлық ағайынға алғысымды білдіремін. Ағамызға төрінен орын берген Жайық жұртына да рақметімді айтамын», - деді Ө.Тайжы.
Мұстафа Өзтүрік – таеквондодан қара белбеу алтыншы дан иегері, Қазақстандағы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Ол Стамбұлда орта мектепті, Тайваньдағы Эксперименталды университет пен Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Осы елдерде таэквондоны меңгеріп, кейін Қазақстан тәуелсіздік алған соң Алматыға келіп өз мектебін ашты.
Бұған дейін таэквандошының есімі 2000 жылы Алматы қаласында бір көшеге берілген. 2004 жылы оның 50 жылдық мерейтойы аясында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.
"Барлығына ұнау мүмкін емес": Шерхан Қалмұрза "сыншылар" туралы пікір білдірді
Ең көп оқылған