457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асылжан Бақытжанұлы Грузия турнирінде оңбай жеңілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек Грозный қаласында өткен ACA 198 турнирінде екі минутта нокаутқа түсті.

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Асылжан Бақытжанұлы Грозный қаласында өткен ACA 198 турнирінде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды malimsports.kz

Жекпе-жек турнирдің негізгі кардында өтті. Асылжанның қарсыласы — ресейлік Сулим Баталов болды. Турнир алдында Баталов жартылай ауыр салмақта (93 кг дейін) 7-орында, ал қазақстандық файтер 11-орында тұрған.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта аяқталды. Баталовтың дәл тиген апперкот соққыларынан кейін Бақытжанұлы теңселіп, құлап түсті. Артынша ресейлік спортшы добивание жасап, үшінші минуттың басында төреші айқасты тоқтатты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Сулим Баталов «Кештің үздік өнері» номинациясы үшін 20 мың АҚШ доллары (қазіргі бағаммен шамамен 10 миллион теңге) көлемінде бонус алды.

31 жастағы ресейлік спортшы осылайша шілде айында отандасы Эльмар Гасановтан алған жалғыз жеңілісінің орнын толтырды. Қазір оның еншісінде 10 жеңіс бар.

Ал 35 жастағы Асылжан Бақытжанұлы соңғы бес жекпе-жектің үшеуінде жеңіліс тапқан. Қазақстандық файтердің жалпы рекорды 17 жеңіс болса, октагонда 7 мәрте жеңіліске ұшырады. 

Фото: Ашық дереккөзден