457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асылжан Арыстанбекова Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Әлемнің 1293-ракеткасы А.Арыстанбекова алғашқы айналымда рейтингіде 1421-орында тұрған ирандық Мешкатолзахра Сафидың мысын басты.

Қазақстандық теннисші, 19 жастағы Асылжан Арыстанбекова Анталия (Түркия) ITF W15 ширек финалына жолдама алды, деп жазады malimsports.kz.
Қазақпараттың жазуынша, әлемнің 1293-ракеткасы А.Арыстанбекова алғашқы айналымда рейтингіде 1421-орында тұрған ирандық Мешкатолзахра Сафидың мысын басты.

Бірінші партия 6:3 есебімен Асылжанның есебіне жазылды. Екіншісінде ирандық спортшы есе қайырды — 6:4. Супер тай-брейкте қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды.

Бүгін А.Арыстанбекова әлемнің 1040-ракеткасы Анна Снигиревамен шеберлік байқасты. Бұл жолы Асылжан матч тағдырын екі сетте шешті — 7:5, 6:4.

Тағы бір қазақстандық, 18 жастағы Анастасия Крымкова алғашқы айналымда франциялық Эллис Рижеге жол берді — 2:6, 2:6.

Қазақстандықтар жұптық сында да өнер көрсетеді. А.Арыстанбекова Іңкәр Дүйсебаймен, А.Крымкова Ева Корышевамен бірге бақ сынайды.

Бұдан бұрын Асылжан мен Іңкәр Анталиядағы дәл осындай жарыста жеңімпаз атанған болатын. 

Фото: ҚР теннис федерациясы