Асылхан Асан фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Жарыстың соңғы күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан үздік ондыққа еніп, оныншы орынға тұрақтады. Роман Иванов 11-орынды иеленді.
Дінмұхамед Райымқұлов 14-ші, Шерзод Хаширбаев 23-ші, ал Ұланбәкір Өмірзақов 31-ші орынға тұрақтады.
Лэйк-Плэсидте (АҚШ) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезекті кезеңінің алғашқы күні ерлер арасында Шерзод Хаширбаев 17-орынға табан тіреді. Роман Иванов 25-орынды иеленсе, Асылхан Асан - 27, Ұланбәкір Өмірзақов - 30, Дінмұхамед Райымқұлов 33-орынмен жарысты аяқтаған еді.
Әйелдер арасында Аяна Жолдас тіркелгенімен, жарысқа қатысқан жоқ.
Фото: ҰОК
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған