457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асхат Тағыбергеннің төртінші баласы өмірге келді

«Тобыл» футбол клубының ойыншысы бұрын ұлттық құраманың капитаны болған еді.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны, «Тобыл» футбол клубының ойыншысы Асхат Тағыбергеннің төртінші баласы жарық дүниеге келді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы ақпарат Қазақстан футбол федерациясының ресми парақшасында жария болды. 

«Футболшы Асхат Тағыберген мен жұбайы Махаббатты отбасындағы үлкен қуаныштарымен – төртінші перзентінің дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлттық құраманың бұрынғы капитаны, «Тобылдың» қазіргі ойыншысы үшін бұл сәт – әкелік бақыттың тағы бір шуағы. Жаңа туған сәбидің бауы берік болып, ғұмыры ұзақ, өмірі шаттық пен берекеге толы болсын!», - деп жазылған хабарламада.

Желі қолданушылары бұл жаңалықты қуанышпен қабылдап, жүрекжарды тілектерін білдірді. «Керемет, дәл «Қайрат» пен «Реалдың» матчы өткен күнге сәйкес келді», «Есімін Жеңіс қояйық», «Бауы берік болсын!», «Тарихи күндегі қуанышты хабар» деген жылы сыңайдағы пікірлер жазылған. 

Фото: Ашық дереккөзден