Асу Алмабаевтың UFC-дегі жеңісіне «баға» берілді
MMACrossfire.com басылымы UFC-дің аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жектегі жеңісі оның дивизион рейтингіндегі орнын айтарлықтай жақсартуы мүмкін екенін жазды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Sports.kz-тің мәліметінше, 28 ақпанда Мехикода (Мексика) Асу Алмабаев UFC-дің бұрынғы чемпионы, бразилиялық файтер Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізеді. Қазақстан уақыты бойынша айқас 1 наурызға қараған түні өтеді.
Қазіргі таңда 31 жастағы Асу Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмақ дәрежесінде жетінші орынға жайғасқан. Ол соңғы үш жекпе-жегінің екеуінде жеңіске жеткен. Соның ішінде қараша айында Катарда өткен UFC турнирінде америкалық Алекс Пересті сабмишен әдісімен жеңгенін ерекше атап өтуге болады.
Басылым мәліметінше, ақпандағы бұл айқастағы сенімді жеңіс Алмабаевқа дивизионның үздік бестігіне енуге мүмкіндік беруі ықтимал.
Фото: Ашық дереккөзден
Станимир Стоилов: Қазақ футболының мәселесі тек ұлттық құрамада емес
Ең көп оқылған