Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегіне қатысты тың мәлімет жария болды
Сенбі күні қазақстандық файтер Асу Алмабаев (22-3) аралас жекпе-жек турнирі - UFC Fight Night 265 алаңына қайта оралады. Турнир Катар астанасы Дохада өтпек, деп жазады malimsports.kz.
Алмабаевтың қарсыласы – АҚШ өкілі Алекс Перес (25-9). Бұл кездесу турнирдің прелим-картасындағы алтыншы жекпе-жек болып тіркелген. Шамамен қазақстандық уақытпен 21:40-та басталады. Букмекерлік компаниялар фаворит ретінде Асу Алмабаевты атап отыр.
Асу соңғы рет шілде айында октагонға шығып, перуалық Хосе Очоаны (8-2) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңген болатын. Ал Алекс Перес маусым айынан бері жекпе-жек өткізбеген. Оның соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың маусымында өтіп, жапондық Тацуро Таиреден (17-1) тізе жарақатына байланысты техникалық нокаутпен жеңілген.
Қазіргі уақытта Асу Алмабаевтың UFC-дегі көрсеткіші — 5-1, ал Перестің промоушендегі рекорды — 7-5. Алекс Перес UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Фото: Ашық дереккөзден
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған