457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды 

1 наурыз күні Алмабаев Мексикада UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореноге қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болған.

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Sports.kz сайтына берген сұхбатында Асу Алмабаевтың алған жарақатынан кейінгі қалпына келу барысы және келесі жекпе-жегінің жоспары туралы айтты, деп хабарлайды malimsports.kz.

Асудың қалпына келуі жоспар бойынша жүріп жатыр, бәрі жақсы. Жеке өзім оның мамыр айының ортасы немесе соңына қарай жекпе-жекке шыққанын қалаймын, егер мүмкіндік болса. Біз тынымсыз жұмыс істеп жатырмыз, Асу бірде-бір жаттығуды жіберген жоқ. Жүктемені тек рұқсат етілген дене бөліктеріне бердік. Қолының жарақаты да біртіндеп жазылып келеді, - деді маман.

Айта кетейік, 1 наурыз күні Алмабаев Мексикада UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореноге қарсы жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда кездесу алдында бір ай бұрын қолын сындырып алып, айқастан шығып қалды.

Қазіргі таңда Асу Алмабаев Ultimate Fighting Championship ұйымының аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде сегізінші орында тұр.

Фото: Ашық дереккөзден