457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев UFC-дің экс-чемпионымен жекпе-жек өткізеді

2026 жылдың 28 ақпанында Мексикада өтетін турнирдің басты оқиғасы отандасымыздың қатысуымен өтеді

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев (UFC наилегчайший салмақ дәрежесі, 7-орын) бұрынғы екі дүркін UFC чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жекке шығады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Бұл айқас UFC Х әлеуметтік желісінде ресми түрде жарияланғандай, 2026 жылдың 28 ақпанында Мексикада өтетін турнирдің басты оқиғасы болады.

Айта кетейік, Алмабаев - UFC-де басты бәсекеде (main event) өнер көрсеткен жалғыз қазақстандық спортшы. Оның қарсыласы Брэндон Морено – ұйымның екі мәрте чемпионы, қазіргі таңда дивизион рейтингінде 4-орында тұр және соңғы жекпе-жегінде Тацуро Тайрадан жеңілген.

Жақында Дохада өткен турнирде Асу Алмабаев үшінші раундта америкалық Алекс Пересті тұншықтыру тәсілімен жеңген еді. Бұл жеңіс оған рейтингте бір саты жоғарылап, салмақ дәрежесінде 7-нөмірге көтерілуге мүмкіндік берді (56,7 кг дейін).

Фото: Ашық дереккөзден