457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Асу Алмабаев UFC чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шыға ала ма

Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мехикода (Мексика) өтетін UFC Fight Night 268 турнирінде мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) кездеседі.

UFC ұйымының америкалық файтері Оди Осборн (13-9) қазақстандық жауынгер Асу Алмабаевтың (23-3) болашағы туралы Sports.kz сайтына пікір білдірді, деп жазады malimsports.kz

Менің ойымша, Асу титулдық жекпе-жекке дейін жетуге толық қабілетті. Манел Капеден жеңілгеннен кейін ол айтарлықтай өсті. Тіпті қарсыласының жерінде өтсе де, Брэндон Мореномен жекпе-жекте Алмабаевты фаворит санаймын. Иә, Морено — бұрынғы чемпион, бірақ ол қазір бұрынғы деңгейінде емес. Алмабаев әлдеқайда ашулы, жеңіске құштар файтер. Егер ол Мореноны жеңсе, чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуға лайық деп есептеймін, - деді Осборн.

Еске сала кетейік, Асу Алмабаев 1 наурыз күні Мехикода (Мексика) өтетін UFC Fight Night 268 турнирінде мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) кездеседі.

Алмабаев соңғы жекпе-жегін қараша айында өткізіп, үшінші раундта америкалық Алекс Пересті (25-10) қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Фото: Ашық дереккөзден