Астанадан волейболдан Қазақстан чемпионатының шешуші кезеңі басталды
Бүгін «Барыс арена» стадионында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында плей-офф бәсекелері басталады.
Қазақстан волейбол федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, финалдық кезең «Барыс аренада» алғаш рет өткелі тұр.
Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша төрт үздік команда («Жетісу», «Қуаныш», «Берел», «Тұран») жүлделі орындарды сарапқа салады.
Өткен жылғы ел чемпионы, суперкубок иегері «Жетісу» клубы (Талдықорған) жартылай финалда «Тұранмен» (Түркістан) кездеседі.
Екінші жартылай финалда «Қуаныш» (СҚО) пен «Берел» (Өскемен) шеберлік байқасады. Жартылай финалдық бәсекелер екі жеңіске дейін жалғасады. Финал мен қола жүлде үшін ойындар да осындай ретпен өтеді.
Қалған төрт команда 5-8 орындар үшін алаңға шығады.
Шешуші матчтар 12 сәуірде мәресіне жетіп, жеңімпаз бен жүлдегер клубтар анықталады.
Фото: volleyfederationkz / instagram.com
Ең көп оқылған