457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада жазушы Бейбіт Сарыбайдың Бекзат Саттарханов туралы кітабы таныстырылады

Астанада жазушы Бейбіт Сарыбайдың «БЕКЗАТ. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабыынң таныстырылымы өтеді

Астанада жазушы Бейбіт Сарыбайдың «БЕКЗАТ. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабыынң таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
11 қыркүйек, сағат 16:00-де Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жазушы өз оқырмандарымен кездесіп, қолтаңба бермек.  

Белгілі жазушы Бейбіт Сарыбай Сидней Олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттарханов туралы шығармасын аяқтағанын 2024 жылдың маусым айында мәлімдеген болатын. Қаламгер бұл кітапта боксшының рингтен тыс өмірін қамтыған.

«Біраз уақыттан Бекзат Саттархановтың шаршы алаңнан тыс өмірі туралы жазып жүрген шығарманың нүктесін қойдым. Аяқтаған бетте Бекзат Сейілханұлының рухына арнап «Фатиха» мен «Ықыласты» оқыдым. Баян Хасанова деген мықты редактордың қолына тапсырдым. Жақсы жаздым деп сенімді айту қиын ғой, жақсы көріп жаздым... Шығарма туралы, жазылуы турасында кейінірек кеңірек айтармыз. Бұйырса кітап болып шығады», - деген болатын Бейбіт Сарыбай.

Марқұм Бекзат Саттарханов Түркістан қаласында туған. Ол жастар арасында ел чемпионатында топ жарып, 1998 жылы Аргентинада өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болған еді. Ал ересектер арасында 1999 жылы Ташкентте Азия біріншілігінің финалына шығып, екінші орынға тұрақтады. Бұл сында марқұм боксшы Сидней Олимпиадасының жолдамасын иеленген болатын. Олимпиадада чемпион атанған боксшы 2000 жылдың 31 желтоқсан күні жол апатынан қайтыс болды.