Мәзір
Жаңалықтар

Астанада жаңа жыл қарсаңында бұқаралық спорттық жүгіру іс-шарасы өтеді

Сабина Асқарқызы 116 қаралым
Астанада жаңа жыл қарсаңында бұқаралық спорттық жүгіру  іс-шарасы өтеді

Астанада жаңа жыл қарсаңында бұқаралық «Жаңа жылдық жүгіру-2025» спорттық шарасы өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

«Жаңа жылдық жүгіру-2025» спорттық іс-шарасы 2025 жылдың 28 желтоқсанында Триатлон паркінде басталады. 

Іс-шараның басталуы сағат 10:00-ге жоспарланған. Қатысушыларды тіркеу сол күні сағат 08:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараға қатысушылар саны 1200 адаммен шектелетіні айтылды. 

Шара барысында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады.Айта кетерлігі, «Жаңа жылдық жүгіріс – 2025» шарасына қатысу тегін, - деп жазылған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар