Мәзір
Жаңалықтар

Астанада велотректен ҚР ашық кубогы өтті

Сабина Асқарқызы 121 қаралым
Астанада велотректен ҚР ашық кубогы өтті

Елордадағы «Сарыарка» велотрегінде паравелоспорт бойынша Қазақстан Республикасының ашық кубогы өтті, деп хабарлайды malimsports.kz. Жарысқа тірек-қимыл аппараты бұзылған және интеллектуалдық даму ерекшеліктеріне қатысты шектеулері бар спортшылар қатысты.
200 м, 1000 м және 3000 м қашықтықтағы жеке есеп бойынша Костанай, Қарағанды, Ақмола, Алматы облыстары және Астана командасының спортшылары бақ сынады.
Жалпы командалық есеп бойынша Астана командасы жеңіске жетті – 4 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль. Костанай облысы екінші орынға (2 алтын, 1 күміс), ал Алматы облысы үшінші орынға (3 қола) ие болды.
Жарыс 15 және 16 желтоқсан күндері өтті.

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар