Астанада тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп жазады malimsports.kz.
Медальдар қарқынды және спринттік дисциплиналарда сарапқа салынады.
Сондай-ақ аталған жарыста жасөспірімдер арасында бәсекелер өтеді.
Айта кетейік, чемпионат "Сарыарқа" велотрегінде ұйымдастырылып, 22 тамызға дейін жалғасады.
Фото: ҰОК