Астанада велотректен Қазақстан чемпионаты өтеді
27-31 шілде аралығында Астана қаласында велотректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Ел біріншілігіне еліміздің үздік велошабандоздары қатысып, бірнеше жарыс бағдарламасы бойынша бақ сынайды. Дүбірлі дода елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде ұйымдастырылады.
Қазақстан велоспорт федерациясының мәліметінше, бұл чемпионат жас спортшылар үшін ұлттық құрама сапына іріктеудің маңызды кезеңі саналады. Ал тәжірибелі атлеттер үшін жарыс 2026 жылғы Азия ойындарына дайындық жоспарының негізгі бөліктерінің бірі болмақ.
Қазақстан чемпионаты спортшылардың шеберлік деңгейін бағалауға, ұлттық құрама сапын жасақтауға және халықаралық жарыстар алдындағы дайындықты пысықтауға мүмкіндік береді.
Бес күнге жалғасатын жарыс барысында отандық велошабандоздар үздік нәтиже көрсету үшін өзара мықтыны анықтайды.
Фото: ҰОК
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған