Мәзір
Жаңалықтар

Астанада үстел теннисінен үздіктер турнирі өтеді

Сабина Асқарқызы 156 қаралым
Астанада үстел теннисінен үздіктер турнирі өтеді

Астанада үстел теннисінен маусымдағы ең ірі турнирлердің бірі өтеді.

Жарыс 6-7 желтоқсан аралығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Ел рейтингінде ең жоғары көрсеткішке ие 12 ер және 12 әйел спортшы мықтылар турниріне қатысады. Жүлделер жекелей сын бойынша сарапқа салынады. 

Бұған дейін Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының спортшылары Сарвиноз Миркадирова мен Ескендір Харки Италияның Парма қаласында өткен халықаралық WTT Feeder Parma турнирінде үшінші орын алған еді. 

Фото: ҰОК 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар