Мәзір
Жаңалықтар

Астанада ҰҚК Төрағасының кубогына арналған қоян-қолтық ұрыс турнирі өтті

Сабина Асқарқызы 127 қаралым
Астанада ҰҚК Төрағасының кубогына арналған қоян-қолтық ұрыс турнирі өтті

Астана қаласында Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ҰҚК Төрағасының кубогына қоян-қолтық ұрыс бойынша республикалық турнир өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іс-шараға ҰҚК, БП, ІІМ, ТЖМ, МКҚ және ҚР Қоян-қолтық ұрыс федерациясы облыстық филиалдарының 27 құрама командасы атынан 260 спортшы қатысты.

Салтанатты марапаттау рәсіміне күштік құрылымдардың басшылары қатысты.

Қатысушылар физикалық дайындықтың жоғары деңгейін және жеңіске жетудің ерік-жігерін көрсетті.

Жеңімпаздар медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орын алған 13 спортшыға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағы беріледі.

Фото: ҰҚК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар