Астанада таеквондодан екі халықаралық жарыс өтеді
Маусым айының соңында Астана Дүниежүзілік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) күнтізбесіне енген екі ірі халықаралық турнирді қабылдайды, деп хабарлайды malimsports.kz.
22-23 маусым күндері Алтай таеквондо одағының тұңғыш чемпионаты – Altaic Taekwondo Championships, ал 25-27 маусым аралығында дәстүрлі Kazakhstan Open турнирі өтеді. Екі жарыс та Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында ұйымдастырылады.
Altaic Taekwondo Championships G-1 санатына кіріп, спортшыларға әлемдік рейтинг ұпайларын алуға мүмкіндік береді. Ал Kazakhstan Open-ге әлемнің 27 елінен 1100-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде.
Kazakhstan Open жеңімпаздарына рейтингтік ұпайлар берілсе, күміс және қола жүлдегерлер де тиісті баллға ие болады.
Астанаға World Taekwondo президенті Чунгвон Чо және халықаралық ұйым өкілдерінің келуі жоспарланған.
Фото: Қазақстан таеквондо (WT) федерациясы
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған