Мәзір
Жаңалықтар

Астанада сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу өтеді

Сабина Асқарқызы 76 қаралым
Астанада сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу өтеді

15 ақпан күні сағат 15:00-де Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында кәсіби сумо шебері Ерсін Балтағұлмен кездесу ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ерсін Балтағұл – қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби сумошы әрі бүгінде Жапонияда жоғары нәтижелерге жеткен Қазақстанның жалғыз өкілі. Ол спорттық жолын қазақ күресі мен дзюдодан бастап, кейін кәсіби сумоға ауысқан. Алматы қаласының тумасы Жапониядағы Нихон университетін тәмамдап, Кинбозан Харуки лақап атымен танылды. Бойы 195 см, салмағы 178 келі тартатын балуан қазір сумоның ең жоғарғы дивизионы – Макуутиде өнер көрсетіп жүр.

Кездесуге қазақ күресінен түйе балуандар, сондай-ақ «Qazaqstan Barysy» республикалық турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері – Ұлан Рысқұл, Руслан Әбдіразақов, Мұхит Тұрсынов, Марат Байқамұров, Ерасыл Қажыбаев, Мақсат Исағабылов және дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары қатысады.

Шара барысында қатысушылар сумодағы кәсіби жол, Жапониядағы дайындық жүйесі мен сумо мәдениеті туралы мағлұмат алады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы Жапонияда өткен «Хацу басё – 2025» турнирінде үшінші орын алып, тарихи нәтижеге қол жеткізген еді. 15 күнге созылған бәсекеде Кинбозан Харуки 13 рет жеңіп, 2 рет жеңілген.

 

 

Фото: Ақорда

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар