Мәзір
Жаңалықтар

Астанада студенттер арасында 3×3 баскетбол турнирі өтті

Сабина Асқарқызы 68 қаралым
Астанада студенттер арасында 3×3 баскетбол турнирі өтті

Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында студент жастар арасында 3×3 форматында баскетболдан финалдық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы Астана полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп өткізді.

Астана ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әлия Қибатқызының айтуынша, бұл турнир жастарды нашақорлықтың алдын алу шараларына кеңінен тарту мақсатында өткізілген.

Антинаркотикалық жобалар аясындағы мұндай спорттық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді. Басты мақсат – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу. Біз бұл бағытта мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында жұмыс жүргізіп келеміз. Ал бүгін студенттік топты қамтып отырмыз. 2025 жылдың басынан бері елордада есірткі айналымына қатысты 400-ден астам қылмыстық іс тіркелсе, оның 270-тен астамы есірткіні тарату фактісі, – деді ол.

Турнирге төрт үздік студенттік команда қатысып, жеңіс жолында бақ сынады. Жарысты шамамен 800 көрермен – жанкүйерлер, белсенділер және жастар ұйымдары тамашалады.

Назарбаев Университетінде өткен стритболдың финалдық турнирі – жастарды салауатты өмір салтына баулудың тиімді әрі қауіпсіз форматы. Бұл шара маусымның спорттық қорытындысы ғана емес, сонымен қатар жастарды есірткі қатерінен қорғауға бағытталған қаладағы профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналды.

 

 

Фото: Астана әкімдігі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар