Мәзір
Жаңалықтар

Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі кезеңдері өтеді

Сабина Асқарқызы 134 қаралым
Астанада шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогі кезеңдері өтеді

7-9 қараша және 13-15 қараша аралығында «Алау» мұз сарайында шорт-тректен ISU жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің бірінші және екінші кезеңдері (ISU Junior World Cup Short Track Astana 2025/26) өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Қазақстан конькишілер одағының баспасөз қызметінің мәліметінше, ел астанасына 27 елден 150-ден астам спортшы келеді. Олардың қатарында Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Канада, АҚШ, Нидерланд, Польша және шорт-трек спорты дамыған өзге де мемлекеттер бар.

Жас спортшылар 500 м, 1000 м және 1500 м қашықтықтарында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы 3000 м эстафетада және аралас 2000 м эстафетада жүлделер үшін бақ сынайды.

Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

Полина Омельчук, Анастасия Галечина, Богдан Вехов, Павел Цой, Нұрия Алпысбай, Қасымбек Асылхан, Гүлдана Жалмұхан, Тамирлан Жолдас, Райана Манарбекова, Мадияр Мадихов және Мейіржан Төлеген.

Қазақстанда әлем кубогының екі кезеңін өткізу — отандық шорт-тректің дамуына серпін беріп, Халықаралық конькишілер одағының (ISU) елімізге деген сенімін айқындайды.

Көрермендер үшін кіру тегін.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар