Мәзір
Жаңалықтар

Астанада шорт-тректен ел чемпионаты өтеді

Сабина Асқарқызы 14 қаралым
Астанада шорт-тректен ел чемпионаты өтеді

11–14 қыркүйек күндері Астана қаласындағы «Алау» мұз сарайында шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарысқа еліміздің 9 өңірінен 73 спортшы қатысады. Олардың арасында ұлттық құрама көшбасшылары – Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалихметов, Яна Хан, Алина Әжғалиева, Ольга Тихонова және басқа да үздік спортшылар бар.

Чемпионат қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, спортшыларымыз алдағы Әлем кубогы кезеңдерінде (ISU Short Track World Tour) ел намысын қорғайды:

Монреаль (Канада) – 9–12 қазан және 16–19 қазан

Гданьск (Польша) – 20–23 қараша

Дордрехт (Нидерланд) – 27–30 қараша

Айта кетейік, бұл кезеңдер – 2026 жылы Миланда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына іріктеу жарыстары саналады.

 

Сурет: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар