Мәзір
Жаңалықтар

Астанада шорт-тректен әлем кубогы басталды

Сабина Асқарқызы 218 қаралым
Астанада  шорт-тректен әлем кубогы басталды

Астанада жасөспірімдер арасындағы шорт-трек бойынша Әлем кубогы басталды.

Бүгін Астанада жасөспірімдер арасындағы ISU шорт-трек бойынша Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Жарысқа Қазақстанды қоса алғанда, 22 елден 140 спортшы қатысып жатыр.

Бірінші жарыс күнінде спортшылар 500 м, 1000 м және 1500 м қашықтықтарында, сондай-ақ ерлер мен әйелдер арасындағы 3000 м эстафета және 2000 м аралас эстафетада іріктеу кезеңдерінде бақ сынады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының алғашқы нәтижелері:

Мадияр Мадихов – 1500 м жартылай финал, 1000 м ширек финал;

Нұрия Алпысбай – 1500 м жартылай финал, 500 м ширек финал;

Райана Манарбекова – 1500 м жартылай финал;

Қасымбек Асылхан – 1000 м ширек финал;

Тамирлан Жолдас – 1500 м жартылай финал, 500 м ширек финал;

Богдан Вехов – 1500 м жартылай финал, 1000 м ширек финал;

Павел Цой – 500 м және 1000 м ширек финал;

Полина Омельчук – 500 м және 1000 м ширек финал.

Сонымен қатар, ерлер мен әйелдер эстафеталық құрамалары 3000 метрлік жарыстың жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы ISU шорт-трек бойынша Әлем кубогының бірінші кезеңі 7–9 қараша аралығында Астанадағы «Алау» мұз сарайында өтуде. Екінші кезең 13–15 қараша күндері жалғасады.

Фото: Радмир Фахрутдинов .

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар