457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» өтеді

Турнир Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде ұйымдастырылады.

11-12 қазан аралығында Астанада семсерлесуден «Мықтылар турнирі» атты халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz

ҰОК мәліметінше, жарыс барысында ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Гонконг және Қырғызстанның үздік семсерлесушілері қатысады.

Қазақстанның әр өңірінен семсерлесу спортының үздік өкілдері, сондай-ақ ұлттық чемпиондар мен халықаралық турнирлердің жүлдегерлері, шетелдік спортшылар да арнайы шақырту алған.

Турнир Назарбаев Университетінің Атлетикалық кешенінде өз көрерменін күтеді. 

Фото: ҰОК баспасөз қызметі