Мәзір
Жаңалықтар

Астанада Olympic Solidarity аясында спорт менеджерлеріне арналған семинар басталды

Сабина Асқарқызы 66 қаралым
Астанада Olympic Solidarity аясында спорт менеджерлеріне арналған семинар басталды

Астанада Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен Olympic Solidarity бағдарламасының қолдауымен спорт менеджерлеріне арналған білім беру семинары өз жұмысын бастады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Курс NU Медицина мектебімен бірлесіп ұйымдастырылып, оған федерациялар мен спорт ұйымдарының өкілдері қоса алғанда, 50-ге жуық маман қатысуда. Семинар бағдарламасы заманауи спорт менеджментінің негізгі бағыттарын қамтиды.

Қатысушылар спортты басқарудағы өзекті мәселелерді, федерацияларды дамыту, халықаралық ынтымақтастық пен спорттық дипломатия, маркетинг және коммуникация, цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ ғылым, медицина және допингке қарсы саясаттың рөлін талқылайды.

Спикерлер қатарында ҚР ҰОК Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай, Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығы төрағасының орынбасары Анар Төлеубаева, федерация басшылары мен спорттық маркетинг, медиа және еріктілер қозғалысының мамандары бар.

Семинар барысында халықаралық жарыстарды ұйымдастыру тәжірибесі, спорттағы жасанды интеллекттің дамуы, спорттық жобаларды іске асыру және кеңейту, келіссөздер жүргізу мен спорттық дипломатия мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар спортшылардың басқарушылық қызметке бейімделуі, медиамен жұмыс және спорттық медицинаның маңызды аспектілері қамтылған.

Айта кетейік, спорт саласы мамандарының біліктілігін арттыру — Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басым бағыттарының бірі. Olympic Solidarity — Халықаралық Олимпиадалық комитеттің ҰОК-терді қолдауға арналған жаһандық бағдарламасы.

 

 

Фото: ҰОК

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар