457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді

Қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазір ұлттық құрама елордада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Одан кейін маңызды республикалық турнир басталады. Қазақстан кубогы 13-15 қазан аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша жаңа маусымда ел намысын қорғайтын және Олимпиадаға жолдама алу үшін Әлем кубогының іріктеу кезеңдерінде сынға түсетін құрама жасақталады.

2026 жылғы Олимпиадаға іріктеу төрт Әлем кубогы кезеңінен тұрады. Оның біріншісі 14-16 қараша аралығында АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында ұйымдастырылады. Екінші кезең 21-23 қарашада Канаданың Калгари қаласында өтеді.

Үшінші кезең Нидерландтың Херенвен қаласында 5-7 желтоқсан күндері өтсе, төртіншісі 12-14 желтоқсан аралығында Норвегияның Хамар қаласында болады.

Фото: ҰОК баспасөз қызметі