457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионаты басталды

Жарыстың алғашқы күнінде спортшылар 500 және 1500 метрге жарыста үздіктерді анықтады

Бүгін Астана қаласындағы «Алау мұзайдынында» конькимен жүгіру спортынан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды malimsports.kz 

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, жарыстың алғашқы күні салтанатты ашылу рәсімі өтіп, спортшылар 500 және 1500 метрге жарыста үздіктерді анықтады. Жиынға спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, конькимен жүгіруден ҚР-ның мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенова мен Нагано Олимпиадасының қола жүлдегері Людмила Прокашева қатысып, сөз сөйледі.
Назарыңызға алғашқы күннің жүлдегерлерін ұсынамыз:
500 метр, әйелдер:
1. Кристина Силаева (Астана қаласы)
2. Кристина Шумекова (СҚО)
3. Арина Ильященко (Павлодар облысы)
500 метр, ерлер:
1. Артур Галиев (Астана қаласы)
2. Евгений Кошкин (Алматы қаласы)
3. Алтай Жәрдембекұлы (Астана қаласы)
1500 метр, ерлер:
1. Нұралы Ақжол (Астана қаласы)
2. Роман Биназаров (Қостанай облысы)
3. Александр Кленко (Қостанай облысы)
1500 метр, әйелдер:
1. Арина Ильященко (Павлодар облысы)
2. Мария Деген (Қостанай облысы)
3. Анастасия Боловодова (Абай облысы)
Айта кетейік, чемпионат 19 наурызда аяқталады. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы