Астанада конькимен жүгіру және шорт-тректен техникалық курс өтеді
10-12 қараша аралығында Астанада конькимен жүгіру және шорт-тректен бапкерлер мен төрешілерге арналған техникалық курстар өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Іс-шараны Қазақстан конькимен жүгірушілер одағы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің және Olympic Solidarity бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырып отыр. Бағдарламаға еліміздің түрлі өңірлерінен шамамен 100 қатысушы қатысады. Курстың мақсаты - теориялық білім мен практикалық дағдыларды жетілдіру, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және төрешілік пен спортшыларды даярлау ісінде тәжірибе алмасу. Бағдарламада теориялық дәрістермен қатар мұз айдынында өтетін тәжірибелік сабақтар да бар. Техникалық жаңашылдықтарға, ережелерді түсіндіруге және төреліктің сапасын арттыруға баса назар аударылады. Халықаралық конькимен жүгіру федерациясы эдьюкейторлар ретінде Ресей мамандарын тағайындады: Александр Кибалко (конькимен жүгіру) және Михаил Соколов (шорт-трек). Мұндай курстар отандық жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби деңгейін арттыруға, сондай-ақ, қазақстандық конькимен жүгіру спортының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Фото: ҰОК баспасөз қызметі
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы бес команда анықталды
Ең көп оқылған