457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астанада конькимен қысқы спорт бойынша халықаралық оқу семинары аяқталды

Бағдарламаға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Түркістан мен Қарағанды облыстарынан жүзден астам маман қатысты.

Астанадағы «Алау» мұз айдынында конькимен жүгіру спорты мен шорт-трек бойынша бапкерлер мен төрешілерге арналған үш күндік халықаралық оқу семинары аяқталды, деп жазады malimsports.kz
Бағдарлама Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Абай, Түркістан мен Қарағанды облыстарынан жүзден астам маман қатысты.
Семинарды Қазақстан конькишілер одағы Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, Olympic Solidarity бағдарламасының және Халықаралық конькишілер одағының (ISU) қолдауымен ұйымдастырды.
Басты тақырып - спортшыларды дайындаудың заманауи әдістемелері мен ISU-дің жаңартылған ережелері болды. Бағдарламаның мақсаты - бапкерлер мен төрешілердің кәсіби деңгейін арттыру, жарыс барысын талдау құралдарын меңгеру, төрелік етудің бірыңғай стандарттарын енгізу және екі спорт түрі мамандары арасындағы кәсіби байланысты нығайту.
Семинардың бір бөлігі ISU регламенттеріндегі өзгерістерге, халықаралық жарыстарды ұйымдастыру мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жылдамдық пен күшке төзімділікті дамытуға, спорттық сараптама мен цифрлық технологияларды жаттығу барысында қолдануға арналды. Сондай-ақ Safeguarding тақырыбы - спорттағы этика мен қауіпсіздік мәселелері ұлттық және халықаралық ұйымдар деңгейінде талқыланды.
Лекторлар қатарында ISU конькимен жүгіру спорты жөніндегі техникалық комитетінің мүшесі, халықаралық дәрежедегі төреші әрі ISU Development білім беру бағдарламаларының нұсқаушысы Александр Кибалко және шорт-трек саласындағы төрешілік пен жарыс ұйымдастыру жөніндегі халықаралық сарапшы, ISU білім беру бағдарламаларының авторы әрі жетекшісі Михаил Соколов болды.
Тәжірибелік бөлімде қатысушылар халықаралық жарыстардан алынған нақты жағдайларды талдап, даулы сәттерді үлгі ретінде қарастырып, төрешілердің шешімдерін бірге саралады.
Үш күнге созылған бағдарламаның соңында барлық қатысушы халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болып, өздерінің біліктілігін растады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитеті Olympic Solidarity бағдарламасының қолдауымен бірнеше білім беру жобасын жүзеге асырған. Олардың қатарында батуттағы гимнастика бойынша бапкерлер мен төрешілерге арналған техникалық курстар, сондай-ақ көркем және спорттық гимнастика бойынша семинарлар бар.

Фото: ҰОК