Мәзір
Жаңалықтар

Астанада «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

Сабина Асқарқызы 93 қаралым
Астанада «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді

14 ақпанда Астанада дәстүрлі «Бұрқасын-2026» қысқы фестивалі өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Фестиваль Есіл өзенінің жағалауында, Орталық саябақ аумағында, Кенесары хан ескерткіші маңында өтеді. Іс-шара қысқы Олимпиада-2026 аясында ел намысын қорғап жатқан қазақстандық спортшыларды қолдауға арналады.

Бағдарламада спорттың 13 түрі бойынша жарыстар ұйымдастырылады: шаңғы жарысы, гір спорты, армрестлинг, валенкимен хоккей, белбеу күресі, мотокросс, автоспорт, арқан тарту, қысқы мини-футбол, қар лақтыру, қысқы волейбол, мас-рестлинг және тюбинг.

Қатысушыларды тіркеу 08:30–10:00 аралығында жүргізіледі, жарыстар 10:00-де басталады. Қатысу тегін.

Сонымен қатар, фестиваль аясында ҚР Ұлттық олимпиада комитеті мен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастыратын Олимпиада ойындарының қалалық көрсетілімі өтеді. Трансляция сағат 14:00-де басталады.

 

 

Фото: Астана қаласы әкімдігі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар