Мәзір
Жаңалықтар

Астанада бұқаралық шаңғы жарысы өтеді

Сабина Асқарқызы 62 қаралым
Астанада бұқаралық шаңғы жарысы өтеді

24 қаңтар күні Астанада бұқаралық шаңғы жарысы ұйымдастырылады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс сағат 10:00-де Орталық саябақтағы шаңғыроллер жолында басталады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шара аясында шаңғы жарысымен қатар қол күресі, гір тасын көтеру, арқан тартыс және белбеу күресі бойынша сайыстар өтеді.

— Бұл жарыс дәстүрлі спорттық шараға айналды. Негізгі бәсеке — шаңғы жарысы. Ол 16 жас санаты бойынша қыздар мен ұлдар арасында өткізіледі. Қашықтықтар 500 метрден 1 және 2,5 шақырымға дейін белгіленген. Қатысушыларды тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыстарға қатысу тегін, — деді қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен, қалалық спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.

 

 

Фото: Астана әкімдігі

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар