457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын қабылдайды

World Athletics кеңесінің Торунь қаласындағы отырысында Астана жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізу орны ретінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жарыс 2030 жылғы 15-17 наурызда өтеді.

Бұған дейін Астана 2023 жылы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты, сондай-ақ 2024 және 2025 жылдары World Indoor Tour Gold сериясының кезеңдерін ұйымдастырған болатын.

Халықаралық федерация басқа да әлем чемпионаттарының өтетін орындарын атап өтті:

2028 жылы жабық кешендегі әлем чемпионаты Одиша (Үндістан) өңірінде өтеді.

2028 жылы спорттық жүрістен командалық әлем чемпионаты Хэфэй (Қытай) қаласында ұйымдастырылады.

Бұл шешім Қазақстанды халықаралық деңгейдегі ірі жеңіл атлетика жарыстарын өткізуге лайықты мемлекет ретінде мойындататынын көрсетеді.

 

 

Фото: ҰОК