«Астана» «Вуэльта Испания» жарысына қатысатын құрамын жариялады
XDS Astana Team маусымдағы соңғы Гранд-тур – «Вуэльта Испанияға» қатысатын велошабандоздар тізімін жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
22 тамызда Монакода басталатын көпкүндік жарыс 13 қыркүйекте Гранада қаласында аяқталады. Қазақстандық команданың намысын бұл додада Евгений Федоров, Лоренцо Фортунато, Виктор Ланджелотти, Хенок Мулюбырхан, Кристиан Родригес, Алессандро Ромеле, Харольд Техада және Даррен Ван Беккум қорғайды.
«Вуэльта Испания-2026» алғашқы кезеңінде велошабандоздар жеке уақытқа жарысудан бастайды. Жарыстың алғашқы аптасы Монако мен Франциядан өтіп, кейін Андорра, Каталония және Валенсия аумағын қамтиды.
Көпкүндіктің қалған кезеңдері негізінен Испанияның оңтүстігінде өтеді. Спортшылар бірнеше кезеңде Андалусия жолдарында сынға түседі.
Биылғы «Вуэльта Испанияның» соңғы кезеңі 13 қыркүйекте Гранадада мәресіне жетеді. Бұл қала көпкүндік жарыстың тарихында алғаш рет соңғы кезеңнің мәресін қабылдайды.
Фото: SprintCycling
Әлібек Қасым ресейлік клубтан түскен ұсыныстан бас тартты
Ең көп оқылған