«Астана» велошабандозы Қытайдағы көпкүндік кезеңінде жеңіске жетті
XDS Astana Team командасының велошабандозы Хенок Мулюбырхан Қытайда өтіп жатқан Tour of Qinghai Lake көпкүндік жарысының үшінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Мэньюань мен Хучжу қалалары арасындағы таулы кезеңде Мулюбырхан командаласы Кристиан Родригеспен бірге негізгі топтан үзіліп шығып, алда келе жатқан шабандоздарды қуып жетті. Шешуші сәтте XDS Astana Team тактикалық тұрғыдан мінсіз жұмыс істеп, финалдық спринтте Хенок мәреге бірінші болып жетті.
Бұл – эфиопиялық велошабандоздың биылғы маусымдағы алғашқы ірі жеңісі.
Осы нәтижеден кейін Хенок Мулюбырхан жалпы есепте көш бастап тұрған спортшыдан небәрі бір секундқа ғана қалып келеді. Турдың келесі кезеңдерінде оның көшбасшылық сары жейдені иеленуге мүмкіндігі сақталып отыр.
Фото: XDS Astana Team
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған