457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Астана» велошабандозы «Польша турында» үздік үштікке енді

XDS Astana Team командасының италиялық велошабандозы Алессандро Ромеле «Польша турының» үшінші кезеңінде жүлдегер атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Ұзындығы 193,5 шақырымды құраған кезең Гожув-Велькопольский мен Зелена-Гура қалаларының арасында өтті. Жарыс тағдыры мәреге жаппай спринтпен шешілді.

Алессандро Ромеле мәреге дейін жеңіс үшін таласып, кезең қорытындысы бойынша үшінші орынға ие болды.

Кезең жеңімпазы атанған Lidl-Trek командасының өкілі Джонатан Милан (Италия) бірінші болып мәреге жетсе, EF Education-EasyPost командасының британдық шабандозы Ноа Хоббс екінші орынға тұрақтады.

Осылайша XDS Astana Team өкілі көпкүндік беделді жарыстың үшінші кезеңін жүлдемен аяқтады.

 

Фото: SprintCycling