XDS Astana Team құрамындағы италиялық велошабандоз Кристиан Скарони Оман турының жалпы есебінде жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Низва – Джабаль әл-Ахдар (Green Mountain) бағыты бойынша өткен 155,9 шақырымдық бесінші кезеңде Скарони 3 сағат 23 минут 19 секунд нәтижемен мәреге бірінші болып келді.
Екінші орынды оның командаласы, испаниялық Кристиан Родригес Мартин иеленді. Үздік үштікті Team Jayco Alula сапындағы австралиялық Лукас Плапп түйіндеді.
Соңғы кезеңдегі табысты өнерінің арқасында Скарони жалпы есепте көш бастады. Ал Родригес Мартин екінші орынға тұрақтап, «Астана» командасына тур қорытындысы бойынша қос жүлде әкелді.
Фото: xds_astana_team / instagram