«Астана» велошабандозы Испаниядағы беделді біркүндік жарыста топ жарды
XDS Astana Team командасының велошабандозы Томас Сильва Испанияда өткен беделді біркүндік Класика Ордисия-де-Вильяфранка жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.
167 шақырымға созылған додада қазақстандық команда жоғары деңгейдегі тактикалық әрі командалық жұмысымен ерекшеленді. Шешуші сәтте XDS Astana Team көшбасшылардың басымдығын жойып, финалдық шабуылға тиімді жағдай жасады.
Көшбасшылар тобы қалыптасқаннан кейін Томас Сильва Игор Арриетамен бірге шабуылға шығып, екеуі мәреге дейін басымдықтарын сақтап қалды.
Жеңіс үшін өткен спринтте Сильва қарсыласынан басым түсіп, мәреге бірінші болып жетті. Ал Кристиан Скарони қуып жетушілер тобында төртінші нәтиже көрсетті.
Фото: facebook.com/XDSAstanaTeam/
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған